"Л" дыбысы және әрпі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

.
Жанерке:
Көктемде егін егетін,
Күзде жиын беретін.
Біздің дала-бай дала,
Алтын астық айнала.
Азамат:
Ел егінін жинайды,
Қырманға дән сыймайды.
Біздің дала-бай дала,
Алтын астық айнала.
Рабия:
Астық дала сәулетті,
Астық-Отан дәулетті.
Біздің дала-бай дала,
Алтын астық айнала.
Айғаным:
Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей.
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей.
Жапырақтар жамырап,
Сайға барып бекінді.
Арайлым:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
Айлин:
Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Иманғали:
Келді міне алтын күз
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз.
Өтілген дыбыстарды еске түсіру.
Ойын: "Сөз ойла - тез ойла!"
А - ата, апа, алма, асқабақ, алмұрт. . .
Т - тауық, ата, тырма. . .
Н - нан, ана, науа. . .
П - парта, апа, піл. . .
Р - рауан, ара, зымыран. . .
Ғ - ғарыш, ғарышкер, аға. . .
Балалар, бүгін бізге қонаққа Балдырған келіпті, ол бізге жаңа әріпті өзімен ала келіпті. Бірақ ол бізге қандай әріп әкелгенін "айтпаймын" дейді, ол әріпті табу үшін біз мынадай бір тапсырманы орындауымыз керек.
Мынау не? (Лақ)
Лақ қай малдың төлі және ол қалай дыбыстайды?
Лақ сөзінде неше дыбыс бар?
Неше буын бар?
Сөздің басында қандай дыбысты естіп тұрсыңдар? (Хормен айтқызу)
Езуімізді жиырамыз, тістерімізді бір-біріне жақындатамыз. "Л" деп айтамыз. Қалай айтылып тұр?
Л қандай дыбыс?
Да

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: