"Л" дыбысы және әрпі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Л" дыбысы және әрпі
Базарбаева Шынар Ибадуллаевна
Алматы облысы
Қарасай ауданы
"Сандуғаш" балабақшасы
Білім беру салалары: "Қатынас", "Шығармашылық", "Әлеуметтік орта"
Бөлімдері: Сауат ашу, жапсыру, тіл дамыту, көркем әдебиет.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: "Л" дыбысы және әрпі
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: л дыбысы және әрпімен таныстыру. Л дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру. Балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын байыту. Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Оқу іс-әрекеті барысында мал төлдеріне қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Көрнекілік: суреттер, кеспе әріптер, желім, лақ суреті, қағаздар.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, сөздік.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы сөздер айтады.
Кім кезіксе біздерге,
Таныс емес демейміз.
Аға, тәте, әпкеге,
"Сәлеметсіз бе!" - дейміз.
Күлімде күн, күлімде,
Күлсін барлық бала шат,
Берекелі бүгіндей,
Бейбіт болсын болашақ.
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінің қай айы?
Бүгін қай күн?
Күз туралы кім тақпақ айтады?
Әлфия:
Берекесін жинауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт торлады аспанды.
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.
Алдияр:
Диқан бабаң екті де,
Еңбектен еш қашпады.
Алдыңа әкеліп төкті де,
Ақ нанды үйіп тастады.
Жанель:
Күзде жауын бұлт тұман,
Сары жапырақ жауады.
Сары құйын ұйытқан
Сапырады ауаны.
Тапталады табанға,
Судыр-судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атырап

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: