Күзгі пейзаж

Страницы: 1 | 2  >  >>

Дәрімбаев Рзаш Кенжебайұлы
Пәні: Бейнелеу өнері.
Сабақ тақырыбы: Күзгі пейзаж
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: көзге көрініп тұрған нәрсені салуды алыстаған сайын кішірейтіп көрсетуді, жақын жердегі көріністермен салыстыруды үйрету, этюд жазуға бейімдеу.
Ә) дамытушылық: күзгі пейзаж жанры туралы білімдерін тереңдету акварель бояуларымен және гуашь бояуларымен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру. .
Б)тәрбиелік: айналадағы қоршаған ортаны бейнелеуде, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: баяндау, үйрету, көмектесу
Сабақтың көрнекілігі: сабақтың тақырыбы, әр түрлі жанрларға жекелей суреттер, пейзаждар. дән түрлері, тірек сызбалар, суреттер, слайд
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, табиғаттану.
Сабақтың міндеті: оқушыларға әр жанрларды білуге, әрі қатесіз салуға үйрету.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастырукезеңі:
Оқушылармен амандасып, құрал-жабдықтарын тексеріп, назарын сабаққа аудару.
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар.
ІІ. Жаңа тақырыпқа кіріспе
Портрет дегеніміз - адам келбетін бейнелейтін көркем шығарма.
Тарихи жанр - белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығарма.
Маринистік жанр - теңіз, көл сияқты су әлемін бейнелейтін көркем шығарма.
Анималистік жанр - жан-жануарлар бейнеленген көркем шығарма.
Пейзаж жанры - табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Живопись өнерінің пейзаж жанрына тоқталамыз. Көз алдымызға күз мезгілін елестету. Күзде қандай өзгерістер болады:
Күн суытады
Қар түсе бастайды
Егін жиналады.
Ағаштардың жапырақтары сарғайып түседі
Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Пейзажды салу үшін перспективаның заңдарына тоқталамыз. П

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: