Күзгі пейзаж

Страницы: <<  <  1 | 2

ерспектива бейнелеу өнерінде кеңістіктегі нәсресенің біздің көру нүсктемізден алыстаған сайын кішіреюімен түсіндіріледі. Бұл - табиғи заңдылық. Яғни күнде өзіміз күнделікті өмірде көріп жүрміз.
Сурет салу 3 кезеңге бөлінеді.
1 - кезең. Ең әуелі көкжиек сызығын көлденең жүргізген соң, төменгі бөлігі жер беті болып есептеледі. Көз ұшындағы көкжиекпен астасқан ормандарды сызықтармен торлап қарындашпен салу керек. Ал жолды төмендеген сайын кеңейте түсеміз. Жақын тұрған ағаштың бұталары, жапырақтары көрсетілуі қажет.
Қосымша: Адамның бейнесі салынған. Кеңістікте салыстырмалы түрде бері орналасқасын анық, көлемі үлкен болып салынады.
2- кезең. Ағаш бұталардың көлеңкелерін де кеңістікте бейнелеп көрсету керек. Алыстағы көріністердің бояулары сұйық және көмескілеу, кейбір жерлері қоюлау болып боялады.
3 - кезең. Қалған боялмаған көріністерді толығымен бояп, пейзаждың толық көрінісін аяқтаймыз.
ІҮ. Сергіту сәті. Жұмбақ шешу.
1. Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді,
Қара шапаны үстінен алты ай бойы түспейді. (жер. )
2. Құлағы да көзі жоқ,
Жоқ тіпті қол мен аяғы.
Бірақ ғажап өнерпаз,
Мәнерлеп ою ояды. (қырау).
Үлгіде сурет салуға ағаш, жапырақ элементтер беріледі.
Ү. Сабақты қорытындылау:
Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?
Адамның бейнесі пейзажға жата ма?
Табиғат аясында жүріп сурет салу қалай аталады?
ҮІ. Бағалау, мадақтау





Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: