"Күзгі бақшада"
Білім беру саласы:"Таным"
Ұйымдастырылған оқу қызметі: "КМҰҚ"
Тақырыбы : "Күзгі бақшада"
Мақсаты: Заттардың көлемі, пішіні, түсі бойынша әртүрлі болатынын түсіндіру. "Бір" және "көп" ұғымын бекіту.
Дидактикалық ойын: "Жүйектен алған көкөністерді орналастыр"
Мақсаты: Екі жолақты карточкаға көкөністерді оң қолмен алып солдан оңға жаққа қарай рет ретімен орналастыруға үйрету.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрсету, үйрету.
Көрнекі құралдар: Жемістер, көкөністер, себет, жолға арналған ұзын, қысқа жолақшалар
Үлестірмелі құралдар: бала санына қарай көкөніс, жемістердің суреті
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Қуан, шаттан, алақай.
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
Балаларға жеміс-жидектерді көрсетіп, түстерін, неге ұқсайтынын түсіндіру. (қызыл алма, дөңгелекке ұқсайды, т. б) Балалардың түсінігін сұрақ-жауап арқылы бекіту.
Дидактикалық ойын: "Жүйектен алған көкөністерді орналастыр"
Ойынның шарты: Үстіңгі жолақшаға қызанақты оң қолмен солдан оңға қарай орналастыру, ал астыңғы жолаққа қарбызды орналастыру.
Сергіту сәті:
Алма баққа барайық,
Алма теріп алайық.
Ең үлкенін тәттісін,
Анамызға сыйлайық.
Тосын сәт: Қызыл телпек кіреді. Қолында алма салынған кәрзеңке.
- Сәлеметсің бе, Қызыл телпек? Сен қайда бара жатырсың?
Қызыл телпек:
- Сәлеметсіңдер ме? Мен әжеме қонаққа бара жатыр едім. Себетімде то
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>