Күзгі балл

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

тобы Еркебұлан-Кәусар
Жүргізуші: Жеміс-жидектер, көкөністерден жасалған образдар өте тамаша. Әділ-қазылардың бағасын алайық.
Сайыскерлеріміз келесі кезеңге дайын болғанша, бүлдіршіндеріміздің "Шалқан" ертегісін тамашалаңыздар.
"Шалқан". Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.
Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды.
Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды.
Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды.
Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып шығарады.
Жүргізуші: Соңғы кезең "Сән үлгісі"
1. "Күзгі тамшылар" тобы Мират-Айзере
2. "Күз күмістері" тобы Бейбарыс-Кәусар
3. "Күзгі жапырақ" тобы Еркебұлан-Кәусар
Сайыскерлеріміз өте шебер екен. Ендеше, соңғы сайысымыздың әділ бағасын білейік.
Жүргізуші: Осымен сайыскерлеріміз барлық кезеңдерден өтіп, өздерінің бойларындағы бар өнерлерін көрсетті, ендігі кезек әділ-қазыларда.

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: