жапырақ" тобы: Еркебұлан-Кәусар
Күзгі бал сайысындағы сайыскерлерімізге қойылатын шарттармен таныстырсақ:
1. Таныстыру, сәлемдесу рәсімі
2. Өз өнері (би, тақпақ, өлең)
3. Жеміс, көкөністен белгілі бір образ жасау
4. Сән үлгісі (Әр қатысушының өз қиялына байланысты)
Жүргізуші: Көп сөйлеп жөн - жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,
Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз. - дей отырып, сайысымыздың І кезеңін бастаймыз. Ортаға "Күзгі тамшылар" тобын шақырамыз.
Келесі кезекте "Күз күмістері" тобын шақырамыз. "Күзгі жапырақ" тобын шақырамыз.
Жүргізуші: Бүлдіршіндер көп-көп рахмет! Әділ-қазылар сөз кезегі өздеріңізде, сайысымыздың бірінші бөліміне баға берсек.
Жапқандай жапырағымен іздерді
Қуантып байлығымен ізгі елді
Бір тойдырып қайту үшін елімді,
Сабырлы сары алтын күз келді - демекші сайыскерлеріміз екінші кезеңге дайын болғанша балалардың "Ғажайып күзге" деген тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Алма: Мен - алмамын, алмамын
Таңдай татар бал дәмім
Мына тәтті бал-дәмді
Дастарқандарыңа арнадым.
Жемістер: Өрік, алма, шие, алша.
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,
Дүкендерге түседі.
Айзере -құлпынай:
Жапырақта тасалап,
Өскен жері бақша - бақ.
Күрең қызыл шіркін - ай,
Оның аты- құлпынай.
Расул -алмұрт:
Мен алмұртпын, ақылдым.
Күзде алмұрт жинап алатын,
Бабыраған біреуін,
Жесең тойып қаласың.
Алма: Мен алмамын, алмамын,
Түрлі - түрлі боламын.
Көкпеңбек едім көктемде,
Қызарам күзде жеткенде.
Бақдәулет-сәбіз:
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>