Күзгі балл

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>


Mені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!

Қызанақ: Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен- қызанақ,
Күнге қарап ұялып!

Аида-асқабақ:
Бақша төріндегі асқабақпын
Асханадағы дәмді тамақпын
Сап сары боп торсиып
Күтем сені терсін деп.



Береке бақ дарыған
Жомарт көңіл жарқын күз
Сары алтынға малынған
Жетті міне, Алтын күз

Дала сары киінді
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға үйілді
Алтын астық-алтын тау

Жан-жақты жабады
Күн бірте суытып
Жауын көп жауады
Күз жомарт дейміз біз

Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.

Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп,
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.

Айханым:
Қуантып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз!.

Бағытжан Ернұр:
Сап - сары маңай,
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып.
Құс кетті қайтып.


ІІ-кезең: "Өнерлі - өрге жүзер" демекші, келесі кезең өз өнерін көрсету.
1. "Күзгі тамшылар" тобы Мират-Айзере: Вальс
2. "Күз күмістері" тобы Бейбарыс-Кәусар: "Алло" әні
3. "Күзгі жапырақ"тобы Еркебұлан-Кәусар: Вальс
Жүргізуші: Ай, бәрекелді, балалар өте өнерлі екен. Сонымен, өнер сайысының бағаларын алайық.
Мекемеміздегі өнерлі оқушымыз Мадыкулов Расулды "Қос бәйтерегім" атты әнімен қарсы алайық.
Жүргізуші: ІІІ-кезең жеміс-жидек, көкөністерден дайындалған образ жасау.
1. "Күзгі тамшылар" тобы Мират-Айзере
2. "Күз күмістері" тобы Бейбарыс-Кәусар
3. "Күзгі жапырақ"

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: