Күз ханшайымы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Алматы облысы Қарасай ауданы
"Сандуғаш" балабақшасының тәрбиешісі
Эльмира Байкенжеева
Тақырыбы: Күз ханшайымы
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу арқылы күз туралы түсініктерін дамыту. табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Музыка ырғағымен балалар залға кіріп айналып жарты шеңбер жасап тұрады.
Жүргізуші:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Ал, балалар тұрмайық,
Өлең айтып, би билеп,
Мерекені бастайық.
1-бала:
Жайдарлы күз жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толып ен далам
Дариядай шалқып жүр.
Мерейлі күз, мырза күз,
Сыйлығыңа ырзамыз.
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз.
Жүргізуші:
-Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін табыңдар.
Қызыл, сары кемелер,
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады толқиды.
- Жапырақ
- Дұрыс айтасыңдар!
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі.
-Олай болса, кім күз мезгілі туралы тақпақтар айтады?
2-бала:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
3-бала:
Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.
4-бала:
Көбейді құт береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
5-бала:
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері келіпті,
Сары жібек көйлегін.
Ән: "Жапырақтар"
Музыка әуенімен Күз ханшайымы кіреді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен бау-бақшаны аралап жүрсем, құлағыма балалардың күлкісі мен әсем әні естіледі. Содан кімдер екен деп жүре бердім, жүре бердім. Ақыры сіздерге жолықтым. Бекерге асығып келген екенмін мерекелерің бітіп кеткен көрінед

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: