Күз ханшайымы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

і.
Жүргізуші:
- Жоқ, Күз ханшайымы сіз уақытында келдіңіз. Төрлетіңіз мерекеміз енді басталып, жатыр.
Күз ханшайымы:
- Балалар, менің сендерге жасырар жұмбақтарым бар. Шешуін тауып көріңдер.
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр.
(қызылша)
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет маужырап.
(жапырақ)
Күз ханшайымы:
- Бәрекелді, керемет жарайсыңдар! Балалар ойын ойнағыларың келе ме?
- Ия.
- Ендеше, мына жердегі жапырақтарды жинап алайық. Кім жылдам шапшаң жинайды екен?
- Жарайсыңдар, балалар.
Жүргізуші:
- Балалар, Күз ханшайымына кім тақпақ айтып береді?
6-бала:
Сап-сары ғып даланы,
Бояныпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.
7-бала:
Алтын, алтын, сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр.
Ән: "Күз келгенде"
Жүргізуші:
- Құрметті қонақтар, енді ортамызға "Көкөністер мен жемістерді" шақырайық.
8-бала:
Алма бақта алмамын,
Өте тәтті бал дәмім.
Алтын күздің сыйымын,
Дәруменнің бірімін.
9-бала:
Мен кәдімгі шиемін,
Бәрінен ерте пісемін.
Бау-бақшаның сәнімін,
Өз орнымды білемін.
10-бала:
Алмұрт деген жеміспін,
Күз айында мен пістім.
Дастарханның сәнімін,
Мені сүйер бүлдіршін.
Ойын: "Жемістер мен көкөністер".
Ойынның шарты: жемістер мен көкөністерді бөлек-бөлек ебеттерге жинау.
11-бала:
Жүзім, жүзім, жүзіммін.
Жемісіңмін күзіңнің.
Мөлдіреген моншақтай,
Сабағыма тізілдім.
12- бала:
Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты - Шабдалы.
13-бала:
Дөп-дөңгелек сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп,
Оның аты - Өрік.
14-бала:
Дәнін

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: