Бәшенова Зәуреш Жылқышыбайқызы
МКҚК "Жазира" балабақшасы.
І санатты тәрбиеші.
"Күз береке, молшылық!"
Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады.
Мақсаты: Балаларды күздің кереметімен таныстыру.
Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік
көңіл-күй сыйлау. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Ата-ана мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты жақсарту.
Көрнекіліктер: Ағаштардың, әртүрлі жапырақтардың, жемістер мен көкөністердің суреттері, "Алтын күз" жазуы бар плакат, күз туралы суреттер. Күз өнімдерінен ата-аналар дайындаған көріністер.
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, балалар! Алтын күз мерекесі құтты болсын! Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мезгілі келіп жетті. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды.
Олай болса "Күз береке,молшылық" атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Береке,бақ дарыған-
Жомарт көңіл жарқын күз.
Сары алтынға малынған
Жетті міне Алтын күз!
Жүргізуші:
-Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын:
Қызыл, сары кемелер,
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады, толқиды.
(Жапырақ)
-Дұрыс айтасыңдар! Қазір бізде жылдың қай мезгілі?
-Күз!
Олай болса сендердің күз туралы тақпақтарыңды тыңдайық.
"Осень" -бәрі бірге хормен айтады.
Падают, падают листья -
В нашем саду листопад. . .
Желтые, красные листья
По ветру вьются, летят.
Нұрсұлтан:
Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей.
Акнұр: Күзім - ау, күзім - ау,
Мінезің бұзық
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>