алғысты.
Батырхан:
Сары алтындай сары күз
Күтеміз сені бәріміз
Кетті міне сарғайып
Қамбаларға сыймасын
Күз мезгілі сарғайып
Еліме бақыт сыйласын
Айсауле:
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан, алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Ән: "Күзгі жаңбыр"
Жүргізуші: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады. Музыка ойнап Алтын күз шығып кетеді).
Би: "Күзгі әуен"
Ұлболсын:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды.
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.
Ақтілек:Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай тамаша.
Шашу шашты жапырақ,
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып - ап.
Жүргізуші:Міне, балалар, біздің ертеңгілігіміз де соңына таяп қалды. Құрметті қонақтар, әріптестер! Көріп тамашалағандарыңызға рахмет, сау болыңыздар! Қонақтармен қоштасып бәріміз тобымызға қайтайық.
Жүргізуші: Алтын күздің сыйы-жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Тобымызға баруға жиналайық.
Страницы: << < 1 | 2 | 3