Күй құдіреті

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

бар. Құрылым екі үлкен жеке қабықшадан тұрады: концерт залы және оны сыртынан жауып тұрған Пьяцца-Фойе және оны қоршай орналасқан қоғамдық құрылымдардан және Аудиториум қызметін атқаратын 3500 орынға арналған залдан тұрады. Пьяцца-Фойеде сонымен қатар 300 және 200 орындарға арналған залдар, мейрамхана, билет кассалары, гардероб және бутиктер бар.
Ғимараттың музыкалық қабықшасы да ерекше. Ол екі мәселені шешеді, біріншіден, ғимаратты суық табиғи-климаттық жағдайлардан қорғайды, екіншіден қоршаған ортаның шуынан қорғайды (ұшақтар, көлік), нәтижесінде акустиканың талап етілетін сапасын қамтамасыз етеді. Оркестрге арналған сахнаның бір бөлігі, "оркестр шұңқырын" жасау мақсатында немесе балет, спектакль, қазіргі заманғы театрлық қойылымдар қою үшін төмен түсіріледі. Хорға арналған трибуна, сахнаны кеңейту үшін немесе өте маңызды қонақтарды орналастыру үшін потенциалды түрде төмен түсіріле алады. Сонымен қатар кинокөрсетілімдер үшін үлкен көмкеретін перде түсіріледі. Спектакльдердің түрлі талаптарына байланысты акустикалық пайдаланушылық сипаттамаларын келтіру үшін әр түрлі механизмдердің арқасында бүйір қабырғаларындағы акустикалық жұтылуды ұлғайтуға болады. Сонымен қатар акустиканы жақсартуда маңызды рөл атқаратын ілмелі төбе сахнаның жоғарғы бөлігінде кратер формасын алады.
Бұл ғимараттың фойесі де құрылымы бойынша ерекше. Ол бет перделермен қапталып, мөлдірлік пен аспан әсерін қалыптастырады. Үстінде ерекше әсерді қалыптастыруға арналған арнайы жарық құралдары орналасқан. Республиканың ең үлкен залының сахнасында Қазақстан өнер шеберлерімен қатар әлемдік музыка жұлдыздары өнер көрсетуде. Сонымен қатар жаңа мәдени орталықта конференциялар, семинарлар, көрмелер өткізіліп тұрады.
Бағалау:
Қорытындылау:
Үйге тапсырма:




<

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: