кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ауа перспективасының заңдылықтары.
Көрушіге жақын орналасқан заттардың түстері ашық, айқын, ал алыстағылардың түстері солғын түрінде қабылданады. Суретшіге жақын орналасқан заттар түрі айқын, алыстағылар бұлыңғыр, яғни көмескі болып көрінеді. Жақындағы заттардың түстері қандай болса сол күйінде қабылданады. Ал алыстағы көріністің ішінде біреуі басым болып көрініп, қалғандары соған жақын түстерге айналады. Мысалы, алыстағы таулар көгілдір немесе күлгін болып келеді. Қашықтағы тұрған заттардың түстері өз түсіне қарағанда қараңғылау, ал алыстағы қараңғы түстер жақындағы қараңғы түстерге қарағанда жарықтау болып көрінеді.
Жарық пен көлеңке перспективасының заңдылықтары.
Жарық көзінен қашықтықта тұрған заттардың бетіндегі жарық деңгейі, жарық көзінен алыс тұрған заттардың бетіндегі жарыққа қарағанда солғындау болады. Жарық көзі мен бақылаушы арасындағы заттар басқа заттарға қарағанда өз түсінен қараңғы болып көрінеді. Егерде бақылаушы заттар мен түсетін жарық көзінің ортасында болса, онда заттардың бетіндегі жарық деңгейі өз түсінен де жарығырақ болып өзгереді. Оқушылар бейнелеу өнерін оқуда, перспектива заңдылықтарын үйренуде мынандай қағидаларды жақсы меңгеруі керек: перспективаны бейнелеудің негізгі тіректері картина жазықтығы, көкжиек сызығы, көру нүктесі, шығу нүктесі, көру деңгейі және т. б.
Перспективалық бейнені құрудың кеңістік моделі.
Картина жазықтығы дегеніміз - бейнелейтін заттар мен суретшінің көзі арасындағы ойша алынған тіке (вертикаль) бағыттағы жазықтық.
Көкжиек сызығы- суретшінің көз деңгейін білдіретін өлшем.
Көру нүктесі - су
Страницы: << < 25 | 26 | 27 | 28 | 29 > >>