Күй құдіреті

Страницы: <<  <  163 | 164 | 165 | 166 | 167  >  >>

ындаған көріністердің негізі ғашықтық ән-билер (кейбіріне драматургиялық композицияның элементтері қосылған) болды. 1629 жылы әдет-ғұрып заңын бұзды деген желеумен әйелдер труппасының өнер көрсетуіне тыйым салынғандықтан, олардың орнын жасөспірім балалар (вакасю-к) труппасы басты. 1651 жылы полиция бұл труппаларды да жапты. 1652 жылдан кабукидің ойын-сауығына тек ерлер ғана қатысып, ер актерлердің (яро-к) труппасы қалыптасты. Әйел рөлін орындаушыларды оннагата немесе ояма деп атады. Бұл труппалар жапониялық - Киото, Осака, Эдо (Токио) сияқты қалаларда тұрақты түрде өнер көрсетті. 17 ғасырдың соңына қарай кабуки театры жоғары деңгейдегі кәсіби театрға айналды. Бұл кезеңде Саката Тодзюро, Итикава Дандзюро Қ және Йосидзава Аямэ сияқты ең үздік актерлер болды. Кабуки театры үшін арнайы пьеса жазуды драматург Тикамацу Мондза-эмона бастады. Кабуки драматургиясының тарихы 14 - 15 ғасырлардағы халықтық фарстан тамыр тартатын ауызекі драманың (кегэн) дамуымен тығыз байланысты. Актерлік ойын "еліктеуге" (мономанэ) құрылды. Кабукидің ықпалымен пьесалар (сесагото) мен пантомималарда шарттылық өріс алды. Сахналық жүріс-тұрыс пен ойын түрлерінде, музыкалық сүйемел мен декорацияда, парик пен гримде (кумадори) шарттылық болды; мысалы, гримнің қызыл түсі әділдікті, ерлікті, ал көк түсі салқынқандылықты бейнеледі. Актерлік өнерде атадан балаға мирас ету дәстүрі қалыптасты. 18 ғасырдың 1-жартысында Итикава Дандзюро ҚҚ мен Савамура Содзюроның есімдері халық арасына кең тарады. 1758 жылы драматург Намики Седзо енгізген айналмалы сахнамен ханамити, яғни "гүл жолы" (көрермендер залынан сахнаға тартылған тақтайша көпір) - кабуки театрының елеулі жаңалығы болды. "Гүл жолын" актерлер пьесаның мазмұнына қарай "кіріп-шығу" үшін пайдаланды. Кабуки өнерінің ша

Страницы: <<  <  163 | 164 | 165 | 166 | 167  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: