ы жырау деп санайды.
Ақтамберді -- тарихи тұлға. Оның есімі қазақ халқының тарихында аталады, ел аңыздарына сай бағаланады. "Қазақ ССР тарихы" берген бағаға көңіл аударатын болсақ, ол -- жоңғарларға қарсы жорықтарға қатысқан батыр, ерлік қимылды аңсаған қаһармандық күрестің жалынды жыршысы, замана қауымына танымал жырау, аты әйгілі ақын. Ел жауына қарсы аттанған батырлар қатарында оны ХVІІІ ғ. жырауы Үмбетей атаған. ХІХ ғ. белгілі ақыны Дулат Бабатайұлы өзінің "Ер Еспембет" дастанында жырлаған. "Күмбір-күмбір кісінетіп" деп басталатын шығармасы -- ақынның алдына қойған арманын танытатын патриоттық туынды. Одан тұлпар мініп ту ұстап, ел шетіне қорған боп ерлік атын шығаруды аңсаған батыр адам үні естіліп тұрады. Ақтамберді есімін ақын Сара да еске алады. Ол Біржанмен айтысында өз елінің атақты ақыны, аруақты батыры деп мақтан етеді. Өзі атадан жалғыз боп, 15-16 жасқа дейін жоқ-жітік көріп, шерлене сөз толғап, болашағын ойлап аласұра өседі. ("Жағалбай деген ел болар", "Жел, жел есер, жел есер", "Жағама қолдың тигенін", "Жауға шаптым ту байлап" т. б. ). Ақтамберді сөздері -- ақыл-нақыл ретінде келетін дидактикалық толғаулар. ("Балаларыма өсиет"). Жырау толғаулары берер ақылдың шегі жоқ, бәрінде де адамгершіл пікірлер ұсынылып, жат мінездер сыналады. Адамның артықшылығы жомарт, жайдары мінезінде, ақылы мен білімінде деп атап көрсетеді. Асыл ару, ақылды жас, жайдары да білімді, пейілді, өзіне-өзі сын көзімен қарай білетін, дандайсымай кішіпейіл жүретін ұяты мен ары таза әділ азаматты ардақтайды. Ақыл нақылдарының ішінде талай адамгершіл нақылдар, өмірдің өзінен ойып алған бейнелі өсиеттер, ұзақ өмір тәжірбиесін қорытқан тұспалдар көп. Жырау өз арманына жетеді: сақал-шашын ақ қырау басып, қар
Страницы: << < 139 | 140 | 141 | 142 | 143 > >>