Күттік сені, Жаңа жыл

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>

/>( сол сәтте әуен ойналып, Аяз ата,Ақшақар келеді)
Ханшайым: Міне ғажап, Аяз ата келе жатыр- деп қуанады.

Аяз ата: Амансыңба Ханшайым,міне мен Ақшақар қызыммен келіп қалдым. Сиқырлы елде Жаңа жыл ертеңгілігін өткізгелі келдім.
Аяз ата : Бірақ бұл жерде балаларым жоқ қой
Ханшайым: Аяз ата , мен сізді сиқырлы елден іздеп келдім, бұл жерде балаларда жоқ, мен мына ойыншық сиқырланып қалған, ол ханның баласы ханзада болатын, оны зұлым тышқандар сыйқырлап , ағаш жаңғақ шаққышқа айналдырып тастаған. Перизат маған сиқырлы елден 12 жаңғақты, 12 ші дабыл дауысы естілгенге дейін аяз атаға апаруымды өтінді. Аяз ата бұл сиқырдың күшін тек сіз ғана бұза аласыз, маған көмектесіңізші,мен бұл ханзадамен жаңа жыл кешіне барғым келеді.

Аяз ата: Ханшайым сен көңіліңді түсірме, мен сиқырлы таяғыммен, ханзадаға көмектесемін, сендерді жаңа жыл кешіне апарамын.

( әуен ойналып, аяз ата сиқыр жасайды,залға балалар кіреді, балалармен бірге Ханзада кіреді)
Ханзада: Міне ғажап мен қайтадан ханзада болдым,Аяз ата,Ханшайым,балалар сіздерге көп рахмет.
Балалар әрқашан тәртіпті бала болыңыздар, тәртіпсіз болсаңдар сіздерде мен сияқты сыйқырланып қаласыздар.

Ханшайым: Аяз атаға рахмет айтып,балалармен бірге хормен ән айтады.

Ән: "Жаңа жыл кешінде"
Ойын: "Кім шапшаң"
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлініп, жұмыртқаларды тасиды.

Ән: "Кел жаңа жыл!"
Ақшақар ( тәрбиеші) : 2017 тауық жылы құтты болсын! Жылдан жылға жылжып, аман - есен жүре берейік,көңілге қуаныш,жүрекке шаттық сыйлаған Жаңа жыл құтты болсын.
2017 жыл ырыс пен ынтымақтың, береке мен байлықтың, бейбітшілік пен бақыттың жылы болғай! Осымен 11 мектепалды даярлық тобының дайындаған ертеңгілігі аяқталды.



Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: