ханшайымның қасына келіп, а сен мұндасың ба ханшайым , қане, мына ойыншықты маған бер деп, алмақ болады, (кенет 1 - ші дабыл дауысы естіледі)
Тышқан : а а а а ,бұл не дауыс? деп жан-жағына қарайды.
(содан соң, әуен ойналып ішке сарбаздар келеді, қолдарында қылышпен ) тышқан қорқып, отырып қалады.
"Сарбаздар биі" сарбаздар биін билеп болған соң,
Сарбаздар: тышқанды қоршап алып, сен ештеңеде жасай алмайсың, қане бұл жерден кет! деп тышқанды қылышпен түрте бастайды.
Тышқан: жоо- жоқ, тоқтатыңдар, мен қазір кетем, а а а , қаштым бұл жерден, деп тышқан жүгіріп залдан шығып кетеді.
Ханшайым: сендер келмегенде мына зұлым тышқан ойыншықты алып кететін еді. сарбаздарға рахметін айтады.
Сарбаздар: ханшайым, біз сиқырлы елге құр келмедік, саған өзімізбен бірге жаңғақтарды ала келдік,бұл саған сыйлық деп, (3 жаңғақты,әр жаңғақты берген кезде дабыл дауысы естіледі) жаңғақтарды береді.
Сарбаздар: ханшайым, саубол , біздің кететін уақытымыз болды,деп қоштасып шығып кетеді.
( желдің дауысы естіледі )
Ханшайым: мен қорқамын бұл тағы не дауыс?
Залға бір кішкентай қыз кіреді.
Ханшайым: сен кімсің деп сұрайды?
Қыз: ханшайым сіз мұнда не істеп отырсыз? мені мұнда қар ханшасы жіберді.
Ханшайым: Мен мына ханзадаға көмектскім келеді. Ол ағаш жаңғақ шаққыш ойыншық болып сиқырланып қалған, маған перизат тапсырма берді, мен сиқырлы елден жаңғақтарды жинап, оны Аяз атаға , баратын жолды 12 - ші дабыл соғылғанға дейін табуым керек, сен маған көмектесші ,жолды қалай табамын?
Қыз: Мен саған көмектесемін ,сен алдымен жұмбақтың жауабын шеш;
Жұмбақ:
Құлағы мен көзі жоқ,
Жоқ тіпті қол мен аяғы.
Бірақ ғажап өнерпаз,
Мәнерлеп ою
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>