бұл ойыншықтың оқиғасын айтып берейін. ( бейнесюжет көрсетеді, мултьфильмнен үзінді)
Ертеде бір Хан мен Ханшайым және олардың кішкентай ұлы ханзада өмір сүріпті. Бір күні Хан өзінің сарайында отбасымен жаңа жыл мерекесін тойлап жатады. Ханның қызметшілері түрлі сыйлықтар сыйлап, би билеп кішкентай ханзаданың көңілін көтеріп отырады. Сол сәтте ханның сарайына зұлым тышқандар келіп, мерекенің шырқын бұзады,кішкентай ханзаданың көңілін түсіріп, ханның мазасын алады, хан ашуланып ,сарбаздарға тезірек бұл зұлым тышқандардың көзін құртыңдар деп тапсырма береді, зұлым тышқандар сарбаздарға кедергі жасап, оларды мұз қылып қатырып тастайды. Хан ашуланып, тышқандардан құтылмақшы болып, әрекеттеніп жатырғанда зұлым тышқандар, ханға бөгет жасап, ханның сарайын құлыптап тастайды, кішкентай ханзада тышқандарды ұрып жібереді,тышқандар ызаланып, ханның сарайына сыйқыр жасайды,ханның сарайындағы адамдардың барлығы мұз болып қатып, ал кішкентай ханзада болса ойыншық ағаш жаңғақ шаққышқа айналып кеткен. Міне содан ойыншық болып,шыршада қалып қойған.
Ханшайым: Мен бұл ойыншықты аяп кеттім, мен оған көмектескім келеді. Перизат сіз айтыңызшы мен оған қалай көмектесе аламын ба? Ол қайтадан ханзада бола ма?
Перизат: Ханшайым сен мұңайма, мен сені сиқырлы елге алып барамын,ол жақтан сен
12 жаңғақты жинап,12 дабыл дауысы аяқталғанға дейін, Аяз атаға апаруың керек, Аяз атаның сиқырымен ғана , ол ханзадаға айналады.
Ханшайым: жарайды , мен қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын.
( әуен ойналып , перизат шығып кетеді,ханшайым отырып қалады )
Тышқан келеді: Қайда бұл ханшайым? Мен оған кедергі жасауым керек. Ешқандай жаңа жылда сиқырда болмайды. Ханзада мәңгілікке осындай ойыншық ағаш жаңғақ жаққыш болып қалады. . ха ха ха деп күледі. Тышқан
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>