Кәсіби қазақ тіліндегі аударма мәселесі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

«Қостанай әлеуметтік – техникалық колледж » мекемесі


Дайындаған: Кәсіби қазақ тілінің
оқытушысы Абишева А. И.
Қостанай 2020 ж/г.

«Кәсіби қазақ тіліндегі аударма мәселесі».
Қазақ тіл ғылымында ілеспе аударма мәселелерінің қазірге дейін дербес зерттеу объектісі болмағандығының себептері тәуелсіздік алғанға дейін ілеспе аударма жасау қажеттілігінің болмауын, Қазақстанда белсенді түрде қолданылу мерзімінің аздығын және бір адам айтқан күрделі ойды басқаларға қиналмай жеткізе білудің тетіктерін меңгерте алатын мамандардың жетіспеушілігі деуге болады.
Біздің тәжірибемізде халықаралық деңгейдегі жиында негізгі баяндаманың қазақ тілінен орыс тіліне (реле-тіл), одан әрі басқа тілдерге ілеспе аударма жасалуы алғаш рет Түркия Президенті Тұрғыт Озалдың 1993 жылғы Қазақстанға ресми сапарында жүзеге асты. Баяндамалар түрік тілінде жасалып, аудармашы оларды қазақ тіліне аударды, одан әрі реле-тіл – орыс тілі арқылы ағылшын, француз, араб, қытай, тағы басқа тілдерге аударма жасалды.
Осыдан кейін қазақ тілінен аударма жасау үдерісі дами түсіп, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінде қытай тілінен қазақ тіліне ілеспе аударма жасады.
Елбасының сөздерінде қазақ тілінің үлесі жылдан жылға молайып келе жатқаныны белгілі. 2005 жылы өткен Еуразиялық медиафорумда Қазақстан президенті негізгі сөзін тек қазақша сөйлеп, одан әрі алты тілге ілеспе аударма жасалды.
Бүгінгі халіміз
Аудармаға аңсары ауған адамның негізінен үш түрлі қасиетті білуі қажет: ең бірінші, өзінің ана тілін жетік меңгеруі, екінші, таңдаған шет тілінің құрлымымен ғана емес, ол елдің тарихы, әдебиеті, тұрмысынан хабардар болуы, үшінші сөзбе-сөз аударудан гөрі мағынасы мен идеясын негізге алып жұмыс жасауы оңтайлы болмақ. Біздің тәжірибемізде қа

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: