ет.
Жол жүру ережесі жайлы мағлұмат беріп өтейін. Біздің қаламызда, сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық жүргізушілер, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Алғашқы жол белгілері автокөліктерге емес, жаяу жүргіншілерге арналған болатын. Ал жол белгілері мен ережелерін тарихқа ең алғашқы болып енгізген – белгілі ел билеуші Юлий Цезарь. Ол Римде қандай да бір көлікті әйелдің жүргізуіне тыйым салатын заң қабылдаған еді. Кейіннен көлік көбейе бастаған тұста қала көшелерінде жол бағыттарын қол бұлғап көрсетіп тұратын бағдарлаушылар пайда болды. Тағы біраз уақыттан кейін олардың қолдарына белгі беретін қолшамдар берілді. Алайда мұндай бағдарлаушылардың уақыт өткен сайын көбейе түскен көліктердің қозғалысын реттеуге шамасы келмейтін еді. 1927 жылы көлік қозғалысын реттейтін алғашқы бағдаршамдар пайда болды. 1928 жылы Йэльск университетінде Гарри Хау деген кісі жасап шығарған бағдаршам алғаш Коннектикут штатына қойылды. Одан кейінгі бағдаршамдарды Чарльз Адлер деген өнертапқыш жетілдіре түсті. Мұндай бағдаршамдар қазіргі бағдаршамдай емес, әрине. Алғашқы бағдаршамдардың бір түстен екінші түске ауысуы үшін жүргізуші өзі белгі беріп, содан кейін ғана бағдаршамдардағы арнайы белгі беру будкасынан «жүруге болады» деген рұқсат белгісін күтетін болған.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек, 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршамдар Ресейде алғаш жолдар І Пе
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>