сының білім деңгейлерін бақылай алуға;
:: Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;
:: Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. 1
Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын жалпы ұғымдар
Критериалдық жүйе қолданысында білім алушының оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бағалаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған:
Қалыптастырушы және қорытындылаушы бағалау:
:: Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу үрдісінде оқушылардың ағымдағы білім деңгейлерін анықтау үшін және мұғалім мен оқушы арасында өзара байланысты орнату үшін қолданылады.
:: Қорытындылаушы бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау кезінде, тараудың немесе модульдің соңында, немесе таным үрдісінің қандай да бір сатысында оқушының жетістіктерін бағалау үшін қолданылады.
Қалыптастырушы бағалау:
Ø Күнделікті оқу үрдісі кезінде жүргізіледі (өздік жұмыстар, тесттер т. с. с. )
Ø Оқушыға өз жұмыстарын өңдеуге және жоғары нәтижеге жетуге көмектеседі;
Ø Мұғалімге оқушының материалды меңгергені туралы ақпарат жинақтауға, талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді.
Қорытындылаушы бағалау:
Ø Әрбір бөлім соңында өткізіледі(бақылау жұмысы немесе қорытынды сынақ жұмысы
Ø Оқушыларға әрбір бөлім бойынша өз білім деңгейлерін көрсетуге мүмкіндік береді
Ø Мұғалімге оқушылардың жетістіктері туралы қорытынды пікір жасауға және қорытынды бағаны қоюға мүмкіндік береді. 2
Формативті немесе қалыптастырушы бағалауды көбінесе "оқушының дүниені тануын бағалау және білім беруді жақсарту үшін бағалау" деп атайды, себебі, ол оқушының жеке басының дамуы мен қалыптасуына көмектеседі. Бұл бағалау жүйесі мұғалімнің әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді, оқушының материалды меңгермегендігін басынан-ақ байқауына,
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>