мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негізделген үрдіс. 1
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері
Критериалды бағалау міндеттері:
v Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
v Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;
v Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
v Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;
v Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
v Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.
Критериалды бағалау артықшылықтары:
:: Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
:: Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады;
:: Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі;
:: Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі;
:: Білім берудің сапасы артады;
Критериалды бағалау:
Мұғалімдерге:
:: Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;
:: Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;
:: Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;
:: Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;
:: Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
:: Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.
Оқушыларға:
:: Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;
:: Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;
:: Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге.
Ата-аналарға:
:: Бала
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>