Критериалды бағалау жүйесін физика пәнін оқытуда қолдану
Елімізде әрқашан білімге құрмет көрсетілген. Білген адам білімді өмір бойы іздейді. Білім ғана адамды адам етеді, жетілдіреді және сақтайды. Адамның тырнақтап жинаған білімі - оның ешкім тартып алмайтын азығы болып табылады.
Қоғамды өзгертуші де, оны жасайтын да адам. Тарихты жасайтын, қандай қоғамның да бет - бейнесін өзгертіп, бағытын жаңғыртатын да адам. Адам өміріндегі мұғалім еңбегі өлшеусіз, адам тағдырында оның тәрбиесі мен тәлімінің алар орны ерекше. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, ғылым негіздерінен білім беруші, екіншіден, білсем, үйренсем деген шәкірт арманы мен оның сырлы тағдырына бағыт беруші, үшіншіден, жаңалық жаршысы, ел болашағының мүсіншісі. Мұғалім еңбегі - қиын да аса жауапты іс. Мұғалімнің де, мектептің де міндеті - әр оқушыға терең білім беру. Сонымен қатар оқушының ойлау қабілетін арттыру болып табылады. Біліктілікті арттыру жүйесінде соңғы уақыттарда отандық педагогикалық технологиялармен қатар шет елдік, олардың ішінде әлемдік озық идеялар негізінде жасалған жобаларды қолдану жақсы нәтижелер беруде. Сыни ойлау - менің ойымша адам өмірінің бір саласы. Олай болатын себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен өздері үшін ненің маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата білуге көмектеседі. Бұл бағдарламаның дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын күйінде берілмеуі. Бұл жобаның мақсаты - демократиялық қоғамда өз көзқарасы, пайымдауы бар, өз - өзін жетілдіріп отыратын, айналадағы үдерістерге сыни көзбен қарап жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Жалпы бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде өзіндік дәлел - уә
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>