Бекітемін:
Сабақ 47
биология 7 б сынып күні: 03. 03. 16
Сабақтың тақырыбы
Жорғалаушылар класы. Кластың жалпы сипаттамасы. Жорғалаушылардың сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. Құрлық-ауа тіршілік ортасына бейімділігі, жылдық тіршілік циклы. Қоректенуі және мінез-құлығы. Көбеюі және дамуы
Сілтеме
Жоспар, "Жануартану оқулығы" (Қ. Қайым), арнайы суреттер, "Биология" оқулығы, желідегі видео, Power Point, үлестірме материал, "Биология" жұмыс дәптері (Құрманғалиева Ж. ), Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
Негізгі мақсаты
Жорғалаушылар класына жалпы сипаттама, нағыз алғашқы құрлық омыртқалы жануарларымен, бауырымен жорғалаушылардың құрылысы және тіршілік ерекшеліктерімен таныстыру. Білімділік мақсаты: Оқушыларға жорғалаушылар туралы сипаттама беру,жорғалаушылардың сыртқы, ішкі құрылысы мен тіршілік әрекетінің ерекшелігін көрсете отырып, жер бетіндегі омыртқалы жануарлармен салыстыру
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау қабілеттерін, шапшаңдығын дамыту, өз бетімен білім алуға баулу
Тәрбиелік мақсаты: Қоршаған ортаны қорғауға, өз білгенін ортаға салып, бөлісе білуге, ізенушілікке тәрбиелеу.
Түйінді идеялары
Бауырымен жорғалаушылар туралы ұғым бере отырып, оларды қорғай білуге баулу
Нәтиже:
1. Алған білімдерін айтуға , салыстыруға, делелдеуге үйренеді 2. Ұйымшылдыққа, топтаса жұмыс істеуге, өз ойларын еркін айта білуге, бірін-бірі дұрыс тыңдай білуге үйренеді
Ұйымдастыру
Көшбасшы болу, топқа бөлу, амандасу рәсімі, ынтымақтастық атмосфераны құру, сынып оқушыларын түгендеу, оларға бағалау ерекшеліктерін түсіндіру (өзін өзі, жұптық, топтық)
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басымызды иіп бәр
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>