Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Ғаламтор
Сабақтың мақсаты:
А) Компьютерлік желі түрлері туралы білу. Компьютерлер желіге не үшін қосылатынын түсіну. Браузерлер арқылы ғаламтор желісіне кіруді үйрену.
Ә) Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Б) Оқушыларды ғаламтор желісінде жұмыс жасауға дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілік: слайд, кеспе қағазы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Компьютермен жұмыс
5. Сабақты бектіу
6. Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Тұсаукесерді қандай жолмен тартымды етуге болады?
2. Анимацияны не үшін қолданады?
3. Анимациялық әсерлерді қалай қосамыз?
4. Слайдтар арасындағы жылжымалы ауысу әсерлерін баптауға болады ма?
5. Слайдтар арасындағы алмасуларды қалай қосуға болады?
ІІІ. Жаңа сабақ
Компьютерлерді желіге біріктірудің екі мақсатын атауға болады:
Ортақ ресурстарды қолдану-барлық қолданушылар принтерге қосылуға, ортақ қамтамасыз етілген программаларды және басқа ресурстарды пайдалануға мүмкіндік алады;
Компьютерлік желілер арасында мәліметтермен алмасу.
Компьютерлік желі-бұл компьютерлердің және арнайы құрылғылардың ақпарат алмасуды қамтамасыз ету үшін біріктірілуі.
Дүниежүзілік желі
Аймақтық желі
Компьютерлік желі
Бір аудан, қала немесе мекемелер компьютерлерін бір желіге біріктіреді.
Компьютерлерді, жергілікті желілерде өзара байланыстырады. Ол қолжетімділік провайдер-компаниясы арқылы жүзеге асырылады.
Страницы: 1 | 2 > >>