Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Ғаламтор

Страницы: <<  <  1 | 2

/>
Жалпы ресурстарға қолжетімділік компьютер-серверлер арқылы іске асады. Ең танымал және белгілі дүниежүзілік желі-ғаламтор.
Компьютер жергілікті желіге қосылатын болса, желілік карта ғана жеткілікті. Дүниежүзілік желіге қосылу үшін байланыс арнасы мен модем қажет.
Байланыс арналары ретінде телефон желісі, кабельді теледидар, оптоталшық, радиобайланыс қолданылады.
Компьютердің қандай желіге қосылғанын анықтау үшін Пуск-Басқару панелі-Желі-Ғаламтор бұйрығын орындаймыз.
Браузер программасы (ағылш. Browse-қарау) қолданушыға желімен араласаудың кез келген түрін қамтамасыз етеді. Браузер түрлері: Enternet Explorer, Mozilla Firefox, Opera, Google Chrome, Safari т. б.
ІҮ. Компьютермен жұмыс
А деңгей
Компьютерлеріңнің жергілікті желіге қосылғанын тексеріңдер, қосылудың жылдамдығын, ұзақтығын анықтаңдар.
В деңгей
1. А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар
2. Компьютерлерінңде орнатылған браузерді қосыңдар.
3. Әртүрлі ақпарат көздерінен алынған апталық ауа райы болжамын салыстырыңдар.
4. Парақтарды өз бумаларыңда сақтаңдар.
С деңгейі
1. В деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.
2. E. gov. kz үй парағын құрыңдар.
3. Басқа браузерді қосыңдар. Қандай парақ жүктелді?
4. Unicode. Dos кириллициадағы кодировканы өзгертіңдер. Автотаңдауға оралыңдар.
Ү. Сабақты бекіту.
1. Компьютерлік желіге анықтама беріңдер.
2. Компьютерлік желінің негізгі түрлерін атаңдар.
3. Браузер түрлерін атаңдар.
4. Ғаламтор дегеніміз не?
ҮІ. Үйге тапсырма
221 беттегі "Өзіңді тексер" тестке жауап беру






Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: