>Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі, "Көбелек"тренингіне қатысады. (Сөздерін айтады, сөздердің мағынасына қарай іс-әркеттер жасайды).
Таңертең көбелек оянды,тартылды,
Қанаттарын бұлғады,терең тыныс алады,
Азғана айналып, барлығына күліп,
Қайта гүліне оралды.
1. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
2. Оқушыларды өзін-өзі реттеуі басшылыққа алынады.
Өзін өзі реттеу үшін оқушыларға жағдай жасау.
1-оқушы.
-Сәлеметсіңдер ме, достарым!
-Бүгін сыныпта кім кезекші?
2-оқушы.
-Бүгін сыныпта мен кезекшімін.
1-оқушы.
-Кезекшіге сұрақтарың бар ма?
3-оқушы.
-Сыныпта оқушылар түгел ме?
4-оқушы.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
5-оқушы.
-Қазір қай сабақ?
6-оқушы.
-Қазақ тілі сабағында біз не істейміз?
1-оқушы.
-Мұғалімге сабақ жүргізуге рұқсат беріледі.
3. Топқа бөлу.
Оқушыларды топқа бөледі.
Топқа бөлінеді.
II. Қызығушылықты ояту.
Сабағымыз квест ойыны түрінде өтеді. Ойынымыз тақтадағы жоспар бойынша өтеді.
1. Тақырыпты анықтау.
2. Сабаққа мақсат қою.
3. "Жеке журнал" бағалау парағымен танысу.
4. Сөздік жұмыс.
5. Мәтінмен жұмыс.
6. Кластер қорғау.
7. "Мен саған, сен маған" стратегиясы.
III. Тақырыпты ашу.
Балалар, сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін алдарыңда жатқан конверттегі тапсырмаларды орындау қажет.
Конверттегі тапсырмаларды орындайды.
1. Берілген буындарды дұрыс жалғап, тақырыпты анықтаңдар.
2. Тақырыпты А3 парағына жазыңдар.
3. Анықтап алған тақырыбыңды мұғалімге көрсетіп, келесі тапсырманы алыңдар.
IY. Сабаққа мақсат қою.
Топтарға тапсырма беру.
"Суреттерді сөйлет" тапсырмасын орындайды.
1. Сабақта не істейміз?
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>