Комплекс сандар

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

t;Менің өмірім жайлы" еңбек жазады. Бұл Джеларамо Карданоның алғашқы еңбектерінің бірі еді. 1520 жылы Кардано Павии университетіне медицина факультетіне оқуға түсіп, ол университетің жабылуына байланысты оқуын падуан университетінде жалғастырып, 1526 жылы дәрігер мамандығын алып шығып өзі оқыған университете мұғалім болып қызмет етеді. Тек медицина саласымен шектелмей жаратылыстану ғылымымен айналысып 1534 жылы Милан қаласында математика професоры атанады. 1539 жылы Милан дәрігерлер ұжымына қабылданады. 1531 жылы Кардано 15 жасар Лючии Бондарени атты жас қызға үйленіп одан 2 ұл, 1 қыз көреді. Үлкен ұлы кісі өлтіріп сотталса, ал кіші ұлы құмар ойынға әуестеніп әкесінің ақшасын ұрлап күн өткізеді. 1546 жылы әйелі қайтыс болады. Кардано алгебра саласын дамытуда ерекше үлес қосты. Европа елінде бірінші болып кубты теңдеуді комплекс түбірімен шешу жолын тауып, тарихта Кардано формуласы деген атпен қалды. Кардано шын мәніде бұл теңдеуді ( формуланы ) тапқан жоқ және табуға талпынған емес. Өзінің "ұлы өнер " атты трактатында бұл формула Никколо Тарталья ашқанын содан жазғанын мойындайды. Екі дос арасындағы құпия келісімді сақтай алмаған Кардано 1545 жылы трактатында осы формуланы басып шығарады. Осы оқиғадан соң, Тарталья мен Кардано арасында қарым-қатынас үзіледі.
XVI ғасырда Францияда феодалдық қатынастардың ыдырау процесінің онан әрі жалғасуы 1559-1598 жылдардағы азамат соғысына алып келді. XVI ғасырдың екінші жартысында "діни соғыстар" басталып, елдің саяси-экономикалық жағдайына зардабын тигізді. Бұл соғыстар католик шіркеуінің озбырлығына, кертартпалығына қарсы бағытталды. Бұл қырғын елдің солтүстік және оңтүстік болып бөлінуіне себеп болды. Ол бөлініс XVI ғасырдың аяғына дейін созылыды. 1593 жылы король Генрих IV католиктік дінге мойынсұнғ

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: