нда анасы білім алуға береді. Бірақ анасы мұғалімге ақша төлей алмағандықтан Тарталья оқуын тастауға мәжбүр болды. Өзінің жігерлігімен, төзімділігімен өз бетінше ізденіп, білім алады. Математикаға деген ынтасы артып, басқа балаларға сабақ беріп, өз заманының танымал математигіне айналды. Вероне, Брешии, Венеция қалаларында дәріс береді. Шәкірттерінің арасынан танымал ғалым Джамбатиста Бенедетти болды. Тарталья өз еңбектерін тек математикамен ғана шектемей, механика, баллистика, топография еңбектерімен де айналысты. Бірінші еңбегі 1537 жылы шыққан"Nuova scienza", өз еңбегінде снарядтың ұшу бағытын анықтап зерттеген. Тарталья геометрия, алгебра, арифметикаменде айналысқан. Тарталья алгоритмді кубты теңдеуді шешу жолын тауып, 1539 жылы осы әдістемесін досы Джелорамо Карданоға беріп, өзінің рұқсатынсыз бұл еңбегін жарияламауын ескертеді. Бірақ Кардано уәдесінде тұрмай 1545 жылы " Ұлы өнер" атты еңбегіне басып шығарып жариялайды. Сол сәттен бастап математика тарихында "Кардано формуласы" деген есімен қалады. Николо Тартальяның математика саласына қалдырған дәлелді бірнеше еңбегі бар.
Джелорамо Кардано ( 1501-1576 жж. ) италиялық математик, философ, инженер, астролог әрі дәрігер. Тарихта Кардано формуласы деген атпен қалған.
Джелорамо Кардано ауқаты отбасында дүниеге келген. Әкесі Фачио Кардано заңгер. Жеті жасынан бастап әкесінің жұмысында қызметші болып құжат, кітап тасып сөмкелерін көтеріп қызмет атқарады. Әкесі Фачио ұлының білімге деген ынтасын байқап оған кітап оқуды, жазуды, арифметика негіздерін үйретеді. Әкесі Джелорамоға қызықты тарихи оқиғаларды, аңыз әңгімелерді айтып беріп кітап оқуға баулиды. Джелорамо әр кез осы қызықты оқиғаларды есіне алып білімге одан сайын ынтасы арта түседі. Кейінен өзінің балалық шағы жайында &quo
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>