Комплекс сандар

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

br/> 2. Негізгі анықтамалар
3. Бинарлы рулетка ( интелектуалды ойын )
4. Қорытынды

Тарихқа көз жүгіртсек қашанда бір елдің екінші бір мемлекетке өз үстемдігін жүргізу, қиян-кескі ұрыстар, өз мемлекетін жаудан қорғап азат жолында күреске толы оқиғалардың куәсі боламыз. Қандай кезеңде болмасын адамзат баласы білім мен ғылымға ден қойып, жаңалық ашуға ұмтылып келеді. Ортағасыр дәуірі Европа елідерінің саяси, тарихи, сауда-экономикалық жүйесіне біраз өзгерістер алып келді. Тарихи сырға толы мемлекеттердің бірі XV-XVI ғ. ғ Италия тарихына тоқталсақ. Италияның саяси және экономикалық өмірінде Медичилер әулеті өшпес із қалдырды. Әулет мүшелері XV ғасырда Еуропадағы ең ірі сауда-банктік компания құрды. Медичилер біраз үзілістермен Флоренцияда 1434 жылдан 1737 жылға дейін билік құрды. Әулеттің негізін қалаушы Сальвастро Медичи. XVI ғасырдан бастап Италия жері үшін француз, испан және герман халықтары соғыс жүргізді. 1529 жылы жасалған бітім шарты бойынша Италия іс жүзінде Испания королінің қол астына берілді. Испания мен Францияның арасындағы Италия жері үшін жүргізілген күрес 1559 жылы аяқталды. Бітім шарт бойынша Италияның көп жері Испанияның қол астында қалды. Осындай кезеңде өмірдің қиындығына қарамай артында өшпес із қалдырған Итальян ғалымдары Николло де Фонтана ( Тарталья ) және Джелорамо Кардано ( 1501-1576 жж. ) болды. Николло де Фонтана кедей отбасында дүниеге келген ( 1499-1557 жж. ) итальян математигі. Шын тегі Фонтана. 1512 жылы француз әскерлері Брешии қаласын басып алу кезінде анасымен бірге соборға жасырынып, бетінің төменгі жағынан жарақат алады. Жарақаты сөйлеуіне кедергі болып, жолдастары Николло де Фонтанаға "кекеш" ( итал. tartaglia)деген лақап ат қойады. Осы лақап аты оның уақыт өте келе тегіне айналды. 14 жасында анасы білім

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: