Күнтізбелік жоспар

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>


- Әдебиеттік оқу пәнімен:
сабақтарында мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпашты пайдалануда;
ақын-жазушылардың суреттерін көрсету, олар туралы мәлімет беруде;
мәтінді мәнерлеп оқу мен өлең жаттауда;
мәтіннің авторы туралы мәліметтер, не оның мазмұнын жалғастыруды қажет ететін тапсырмалар арқылы оқу сабағындағы материалдарды еске түсіруде;
тәрбиелік мәні бар көркем шығармаларды және балалардың жас ерекшілігіне лайық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалануда.
- Математика пәнімен:
сан атауларын пайдалануда;
жұмбақ-есептерді пайдалануда;
сөз мағыналарын түсіндіру барысында өлшемдік ұғымдарды пайдалануда;
заттарды пішініне, өлшеміне қарай салыстыруда.
- Дүниетану пәнімен:
қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың атауларын таныстыру, олар жайында түсінік беруде;
жаттығу мәтіндері арқылы жануарлар, өсімдіктер, т. б. туралы түсініктерін кеңейтуде;
табиғат құбылыстарымен таныстыруда;
туған ел, Отан туралы жаттығуларды орындатуда;
қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар туралы ұғымдардың кеңейтілуінде, оларға сипаттама беруде;
еліміздің мәдениеті, ғылымы, шаруашылығы туралы түсінік беруде.
- Бейнелеу өнері пәнімен:
жаттығу мазмұнына байланысты сурет салғызуда;
әр алуан суреттерді, портреттерді пайдалануда;
белгілі суретшілер туралы мағлұмат беруде;
сюжетті сурет бойынша мазмұндама (ауызша, жазбаша түрде) жазуда.
- Дене шынықтыру пәнімен:
сергіту жаттығуларын орындаған кезде дене қимылдарын пайдалануда;
оқыту барысында "дене шынықтыру минутын", қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыруда
-Еңбекке баулу пәнімен:
қол саусақтарының нәзік бұлшық еттерін дамытуда;
шығармашылық ой-қиялы арқылы сөйлей білу қабілетін дамытуда<

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: