Күнтізбелік жоспар

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

меңгерту; ауызша және жазбаша сөйлеудің коммуникативтік білігі мен дағдысын игерген тілдік тұлға қалыптастыру.
4. Басты міндеттер:
оқушылардың өз ана тілі - қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту, тілдің құдіретін және оның эстетикалық құндылығын сезіндіру арқылы қазақтың ұлттық мәдениетінің бір бөлігі ретінде өз тілін құрметтеу және мақтаныш ету сезімдерін қалыптастыру;
тілдік ұғымдар арқылы оқушыларды өзін тілді иеленуші тілдік тұлға ретінде сезінуге тәрбиелеу;
ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасаудағдыларын жетілдіру;
тілдік материалдар негізінде қажетті тілдік білім, білік, дағдыларды (өз ана тілінде дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқу және сауатты, көркем жазу) қалыптастыру және дамыту;
алғашқы тілдік құбылыстарды танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және ажырату дағдыларын қалыптастыру;
оқушының өзіндік іс-әрекеті арқылы оның белсенді, креативтік, сыни ойлауын жетілдіру.
Бастауыш білім беру деңгейіндегі оқу бағдарламасында материалдар жүйелi-концентрлi ұстанымға негiзделiп, мазмұны жағынан кешендi сипатта берілді. Бағдарламаның мұндай құрылымы тiлдi оқытудың коммуникативтiк-iс-әрекеттiк бағытын жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Мұның өзi тiлдiк бiлiмнiң сапалы меңгертілуін қамтамасыз етеді. Осы тұтас жүйе мазмұны мен өзiндiк мақсатқа бағыттылығы арқылы оқушының тiлдiк iс-әрекеттерге ауызекi және жазба тiлдегi толыққанды дайындығын қамтамасыз етедi.

"Қазақ тілі" пәнінің оқу бағдарламасы мынадай бөлімдерден тұрады: "Тіл және сөйлеу", "Дыбыс және әріп", "Мәтін", "Сөйлем", "Сөз және оның мағынасы", "Сөз құрамы", "Сөз таптары".
7. Қазақ тілін оқыту барысында мынадай пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: