Күнтізбелік жоспар

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>

ілігі (сөйлеуде жазушы тілін қолдануға әрекеттену, шығармадан алған әсерін ауызша, жазбаша жеткізе алу, мәтіндегі оқиғаға өз көзқарасын білдіру, халық ауыз әдебиеті үлгілерін шығармашылықпен пайдалана отырып, өзіндік әрекеттерін дәлелдей білуге баулу т. б. ) қалыптасады.
"Әдебиеттік оқу" пәнініңмақсаты: Оқушылардың әдеби сауатын ашу негізінде рухани байыту, оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу, оқу дағдыларын және оқырмандық біліктілігін қалыптастыру, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу.
"Әдебиеттік оқу" пәнінің міндеттері : "Әдебиеттік оқу" пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:
оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;
ауыз әдебиетінің бай жанрымен, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;
ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының атын, жетекші тақырыбын, басты кейіпкерлерін, негізгі мазмұнын білгізу;
талданып отырған мәтіннің тектік, жанрлық сипатын білдіру;
әдеби- теориялық білім негіздерін қалыптастыру;
адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жүйесі негіздерін қалыптастыру;
оқылған шығарма сюжеті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең,әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу,мақала жазу, шағын үзіндіге киносценарий жазу, өзіндік ой қорытындысын жазу, т. б. ) жүргізе алуға машықтандыру;
кітаппен және кітапханалық анықтама, библиографиялық әдебиеттермен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
"Әдебиеттік оқу" оқу пәні материалдарын сұрыптауда монографиялық ұстаным басшылыққа алынады. Бұл ұстанымның талабы бойынша Ы. Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың, Ш. Құдайбердіұлының, С. Көбеевтің,

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: