Күнтізбелік жоспар

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>

рін менгеру
121-бет,5- жаттығу
Пайдаланылған әдебиеттер:
"Қазақ тілі" оқулығы, "Алматыкітап" 2015, Ж. Қ. Балтабаева, М. Қ. Солтанғазина, Ф. С. Лекерова

ТҮСІНІК ХАТ

"Әдебиеттік оқу" пәні бастауыш білім берудің маңызды компоненті ретінде "Тіл мен әдебиет" білім беру саласына енгізілген. Әдебиеттік оқу пәнініңнегізгі нысаны - балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары. Көркемдік циклға жататын бұл пәннің оқушының жеке тұлға ретінде дамуында, саналы оқу мен сауатты жазу дағдыларының қалыптасуында, мәтінмен алғашқы жұмыс істеуде алатын орны ерекше. Әдебиетік оқу адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын дамытуға, адамгершілік-имандылыққа тәрбиелеуге, сөз өнерін түсінуге, тілін, қиялын арттыруға мүмкіндік береді. Жоғарғы сыныптардағы "Әдебиетті" оқудың жүйелі курсына дайындайтын әдебиеттік оқу сабақтарында бірінші кезекте көркем мәтіннің негізі сөздің көркем бейне екендігіне назар аударуға, оқушыны сөз өнері әлеміне баулуға көңіл бөлінеді. Әдебиетті сөз өнері ретінде қабылдау- әдебиеттік оқу курсының әдіснамалық негізі.
Бастауыш білім беру деңгейі оқушысының бойында оқырмандық және тілдік дағдыларды қалыптастыру, олардың адамгершілік және әдеби-эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейту жолдары. Білім мазмұнының тақырыптары оқушының дүниетанымын арттыратын және айнала қоршаған дүние туралы дұрыс көзқарасын қалыптастыратын, оның тұлға ретінде өсіп-дамуын қамтамасыз ететін мәселелерді қозғайды.
Білім мазмұны идеялық-тақырыптық, көркемдік-эстетикалық ұстанымдар негізінде жүзеге асырылады.
Оқырмандық білікті мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі (оқу, мәтінді талдау, мәтінге жоспар құру, кейіпкерлерді сипаттау т. б. ) құрайды. Оқырмандық білік негізінде сөйлеу б

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: