«Көліктермен таныстыру»
Білім саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Көліктермен таныстыру»
Мақсаты: Балалардың сөйлеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту мен қатар тілін, сөз қорын жетілдіру. Жан-жақты білімдерін кеңейту. Өзін-өзі көпшілік ортада мәдениетті ұстауға, әдепті,әдемі болуға үйрету. Достық пен сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Көлік түрлерінің суреттері, үн таспа,ойын элементтері (машина рулі,гараж), жол макеті.
Сөздік жұмысы:Достық-дружба, көлік-транспорт,көлік түрлері-виды транспорта,жүргізуші-водитель,бағдаршам-светофор
Іс-әрекет кезеңдеріМұғалімнің іс-әрекеттеріБалалардың іс-әрекеттері
Дәлелі-себеп кезеңіҰйымдастыру кезеңі
Амандасу рәсімі:
-Балалар сендер күннен күнге ақылды болып өсіп келесіңдер.
Сендер қоршаған ортадан барлық жақсылықты бойларыңа сіңіріп,Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсулерің керек.
Солай ма?Балалар хорымен, қимыл іс-әрекет арқылы көрсетеді.
-Сәлем саған алтын күн!
-Сәлем саған көк аспан!
-Сәлем саған жер ана!
-Сәлем саған достарым!
-Сәлеметсіздер ме қонақтар!
-Иә.
-Жақсылықты үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі-Балалар қазір сендермен көлік деген сөздің төңірегінде әңгіме жүргіземіз,сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешеміз.
-Көлік дегеніміз не? Ол адам үшін неге қажет?
-Сендер балабақшаға қандай көлік түрімен келесіңдер?
-Енді мен сендерді көліктің шығу тарихымен таныстырайын.
Ертеде адамдар көлік ретінде жануарларды пайдаланған. Егер біздің қазақ халқын алса ат,түйе мінген,үндістер пілді,кейбір шығыс халықтары есек,бұқа-сиырларды көлік қылған. Суық аймақтарда иттерді шанаға жеккен,бұғыларды көлік қылған.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>