Көкшетау қаласының тарихи мәдени ескерткіштері

Страницы: 1 | 2  >  >>

Тақырыбы: "Көкшетау қаласының тарихи мәдени ескерткіштері"
Куратор сағат

Әрине, спорт саласындағы жетістіктеріміз мұнымен бітпейді. Біз солардың ең негізгісіне тоқталып өтуге тырыстық. Ал, осы шаралар аясында ойыңызға еліміздің жеңістері оралса, онда бұл биылғы жылдың табысты аяқталып жатқаны деп білерсіз.
.
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

Мұражай 1923 жылы 1 мамырда құрылған. 1927 жылы алғашқы экспедициясына шығып, өлкенің табиғаты, тарихы жөнінде құнды мәліметтер жинақтады. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында барлығы 142 мыңнан аса материалдық және рухани ескерткіштер бар.
Көкшетау қалалық тарихи мұражайы

Кеңес заманында мұражай қоғам қайраткері Валериан Куйбышевтың есімімен аталса, 2005 жылы Көкшетау қалалық тарихи мұражайы деген атауға ие болды. Қазір мұнда Көкшетау қаласының тарихынан сыр шертетін 13 мыңнан аса мұрағат бар. Мұрағаттардан қазақтың біртуар ұлдары Абылайхан, Кенесары, Қанай би және т. б. , сондай-ақ Көкшетау қаласының әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірінен көп мәліметтер алуға болады.
Көкшетау қаласындағы "Әдебиет және өнер" мұражайы
Мұнда фольклор, қазіргі дәуір әдебиеті, өнер, көпшілік-саяхат және қор бөлімі жұмыс жасайды. Ең құнды жәдігерлердің қатарында Қожа Ахмет Иассауидің "Диуани хикмет" кітабының ортағасырлық көшірмесі, Қарауыл Қанай бидің саптыаяғы, XVIII ғасырдағы батырдың су ішкен құтысы, Ақан серінің Темірбек ұста жасаған адалбақаны, Ақанның ән ғұмырына айналған Ақтоқтының айнасы және іс тігетін "Зингер" машинасы және басқа да тарихи маңызға ие заттар бар. Қазақ халқының музыкалық ұлттық аспап түрлері, зергерлік әшекей бұйымдар, теріден, ағаштан жасаған тұрмыстық көне заттар да мұражай төрінен орын тепкен.
Мәлік Ғабдул

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: