лин мұражайы
117 жыл тарихы болған мұражайға 2005 жылы күрделі жұмыстар жүргізіліп, көпшілік келетін орынға айналды. Олай дейтін себеп, жылына 63 мың адам мұражайды көруге арнайы ат басын бұрады. Мұражай 5 экспозициялық залдан тұрады: "Ауылым-алтын бесiгiм" деп аталатын алғашқы залда М. Ғабудллиннiң балалық шағына байланысты тұрмыстық заттар, портреттер, туыстарының суреттерi қойылған.
"Өмiрдiң өрiне өрлеп, шыңына шыққан" атты екiншi залда М. Ғабдуллиннiң мектеп өмiрi, ҚазПИ-да оқығаны, Қазақстанның көрнектi жазушылары, бiлiм қайраткерлерi туралы материалдар қойылған. Үшінші зал соғыс тақырыбына арналған "Елi үшiн, халқы үшiн туған Мәлiк" деп аталады. Сондай-ақ, "Көкiректе сөнбейтiн мәңгi жарық" және "Мәлiк Ғабдуллиннiң жұмыс кабинетi" деп аталатын залдар бар.
Страницы: << < 1 | 2