Қазақстанның жаңа орталығы - Астана бой көтергенін алайық. Астана - отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі.
Ол әлемге әйгілі. Бұрын орталық болған Алматы қандай еді, бүгін қандай? Ғажап өзгерді, әйнектен жасаған көп қабатты үйлер, салтанатты мекемелер, сарайлар, қала көркін түбегейлі өзгертті. Осындай құрылыстар Қазақстанның басқа да қалаларында бой көтерді. Елім, жұртым,Отаным, деп атқа қонып, қолына найза ұстап, тәуелсіздік жолында құрбан болған ересен ерліктер жасаған аға - апаларымызды ешкім де, ешқашан да ұмытпауы тиіс. Тәуелсіздік - азаттық, бостандық, ең қымбат байлығымыз. Тәуелсіздіктің туын биік ұстау - перзенттік парызымыз, бабалар алдындағы мәңгілік қарызыбыз. Мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің патриотымын!
16- желтоқсан Ұлыстың ұлы күні, Қазақстан халқының айрықша ардақты тойы, мемлекетіміздің ең мерейлі мерекесі, Тәуелсіздік алған күніміз, ұлы мерекеміз құтты болсын!
Страницы: << < 1 | 2