Көк тудың желбірегені – Қазақтың асқақ беделі

Страницы: 1 | 2  >  >>

"Көк тудың желбірегені - Қазақтың асқақ беделі!"
Қазақстан менің елім, Отаным, ата - анам, бауырым, достарым. Менің ғана емес, әр адамның Отаны. Дүниеде бүкіл тірі жан, тіршілік иесі тәуелсіздікті іздейді, соған ұмтылады. Ол саналы да, санасыз да тіршілікке тән. Әрбір тіршілік иесі бостандықта, еркіндікте өмір сүреді. Еркіндік, бостандық деген не? Ол тіршілікте ешқандай кедергінің, қыспақтың болмауы, қыспақ кедергі жоқ жерде еркіндік бар. Әлемдегі барлық жан - жануар, құс - құтан бәрі де сол бостандықта, еркіндікте өмір сүреді. Өміріне тұрған ортасы қолайсыз болса, олар одан басқа жаққа орын ауыстырады. Ондай мүмкіндік жоқ болса, онда еркіндік те жоқ. Сонда тәуелсіздік, еркіндік деген не? Не істеймін, не жасаймын, қайда барамын деп басқа да ынталылылыққа ешқандай кедергі болмаса, міне, сол еркіндік.
Ал тәуелсіздік ше? Ол да еркіндіктен туындайды. Тәуелсіздік ол ешкімнен қаймықпау, ешкімге бағынышты болмау, ойыңа келген алғашқы ісіңе еркін кірісу, жалтақтамау. Бұл, әрине табиғи құрылыс. Өмірде барлық іс - әрекет, құбылыс бір жағынан алсаңтәуелсіз, ал екінші жағынан тәуелді , кейде бағынышты болып келеді. Тәуелсіздікке қол жеткізу ол да жай бола қоймайды, оны ұзақ күрестің нәтижесі деп ұғыну керек.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан түрлі бұғаулардан босап, тәуелсіз мемлекетке айналды. Барша әлемге Қазақстан Республикасы бар екенін ресми түрде көрсетті. Тәуелсіз болу - бақыт. Тәуелсіздік - деп бір сөзбен айтқанымен, оның астында азаттық, бостандық, еркіндікті білдіретін үлкен мағына жатыр. Тәуелсіздіктің арқасында Туымыз, Әнұранымыз, өз Елтаңбамыз бар, әлем танитын елге айналдық. Еліміздің желбіреген Туын көріп, Әнұранын естігенде көңілім толқитынын жасыра алмаймын. Қазіргі Қазақстанның тәуелсіздігін айқындайтын мысалдар өте көп. Бір ғана мысал,

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: