рлендіріп, жұмысын әрі қарай жалғастыра берді. Күз келді. Бақта көптеген жемістер мен жидектер пісіп жетілді. Садық жеміс-жидектерді өзі де жеп, досына да ауыз тигізді. Халел жеміс-жидектерді тойып жеп алып:
Қазір мен барлығын да жеп тауысамын, ештеңе қалмайды,-деді.
Қалады. Әкем: "Жер-ана еңбекті ойынға айырбастамай, аянбай еңбек еткендерді өз жомарттығымен сыйлайды" деген,-деді Садық.
Сұрақ-жауап арқылы әңгіменің мазмұнын пысықтау:
Садықтың әкесі кім?
Олар қайда еңбектенеді?
Олардың қасына кім келді?
Халел Садыққа не деді?
Садық не деп жауап берді?
Халел Садықты қалай қызықтырды?
Садық досын немен сыйлады?
Халел жеміс-жидекке тойып алып, не деді?
Садық оған қалай жауап берді?
Балалар, біздің әңгімеміздегі Садық өте еңбекқор бала екен. Ол өзінің әкесіне көмектесті. Садық өз еңбегінің арқасында мол өнім алды. Сонымен қатар өте жомарт екен.
Ал, Халел болса еріншек, ойын ойнаудан қолы тимейтін, еріншек бала екен. Сендер қалай ойлайсыңдар, бұл екі баланың қайсысын жақсы бала деп, айта аламыз? Сендер Халелдің орнында болсаңдар не істер едіңдер?
Балалар, мен сендерге әңгімені тағы бір рет оқып беремін. Мұқият тыңдаймыз.
Сергіту жаттығуы.
Бақшамыз біздің тамаша, Көктемде жүйек қазамыз,(күрекпен жұмыс жасау) Бақшаны біз суарамыз (суарады) Сәбіз, қияр,қызанақ Үлкен болып өседі. (қолдарын жоғары созады).
Балалардан әңгіме мазмұнын айтуды сұрайды. Бірнеше баланы тыңдайды.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей,- деген мақал біздің кейіпкеріміз Садыққа арнап айтылғандай. Кім көп еңбектенсе, аямай тер төксе, ол адам өз еңбегінің жемісін жейді. Мол өнім алады. Қарны тоқ болады.
Дидактикалық ойын "Бөлігін тап"
Мақсаты:Балалардың бақша өнімдері, яғни көкө
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>