нетақыға қызығатын чиновниктерден құралды. Зерттеуші ғалым К. А. Жиреншин өз еңбегінде: "Отаршылық әкімшілік аппараты қазақ даласының жағдайынан бейхабар, білімі таяз адамдардан, ең бастысы, өз қызметін өміріндегі өтпелі кезең деп санап, сол уақыт ішінде тез ауқаттанып алуды көздеген офицерлерден жасақталған болатын: Генерал-губернаторлықтардың басты басқару аппаратын генерал-губернатор, оның кеңсесі және тапсырма орындаушы чиновниктер құрды. Генерал-губернаторлар әскери және азаматтық билікті толығымен өз қолдарына жұмылдырды, сонымен қатар қазақ даласындағы әкімшілік құрылысының принципі - жаңа отаршылық реформа бойынша билікті толығымен әскери ведомствоның қолына беру болды" - деп, патшалық үкіметтің құйтырқы саясатының табиғатын айқын да ашық көрсетіп береді.
Бұл тұстағы генерал-губернаторлардың билік шараларын іске асыратын басқару жүйесі мынадай үш бөлікке бөлінді: облыстық басқармалар, уездік басқармалар және жергілікті басқармалар. Облыстық әкімшіліктің басқарма басшылығында әскери және азаматтық билік ететін әскери-губернатор тұрды. 1868 ж. Ереженің 22-23-бабында дала облыстарының әскери-губернаторлары облыстардағы әскери қолбасшыларға теңестірілетіні көрсетілген және де олар өз облыстарының аумағындағы орналасқан казак әскерлерінің тағайындалған атамандары болып саналатын.
Облыстар өз кезегінде уездерге бөлінді. Уездік басқарманың басшылығына орыс чиновниктерінің ішінен облыстық әскери-губернатордың ұсынысы бойынша генерал-губернатор бекітетін уезд бастығы тағайындалды. Жаңа әкімшілік жүйе бойынша уездегі барлық билік жүйесі толығымен уезд бастығының қолына шоғырландырылды. Ереженің 42-65 баптары бойынша, уезд бастықтарына мынадай міндеттер жүктелді: жергілікті басқару орындарына жүктелген міндеттердің орындалуын қадағалау, уезде тыныштық
Страницы: << < 18 | 19 | 20 | 21 | 22 > >>