Сабақтың тақырыбы: « Кім тапқыр», «Кім мықты», «Кім шапшаң» ойыны.
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау
қабілетін шыңдау,оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.
2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Типі: Ойын түрінде
Жоспары:
1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. Бәйге (логикалық есептер)
3. Математикалық хоккей
4. Ғажайып алаңы (есептер шығару)
5. Кім жылдам.
6. Минитест
Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К. Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М. В. Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р. Бэкон)
Жүргізуші:
Қайырлы күн қадірменді көрермендер!
«Математикалық санды «Кім тапқыр », «Кім мықты», «Кім шапшаң» ойынына қош келдіңіздер.
Бүгінгі ойын әр сыныптан бір оқушы, сынып жетекшілерімен қатысады және ойын сайыс түрінде өтеді.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді
Ортаға әр оқушыны, сынып жетекшілерімен қарсы аламыз
5-сынып оқушысы Дүйсен Диана, мұғалімі Ахтаева Нәзгүл Әнуарбекқызымен,
6- сынып оқушысы Қадырбек Айсезім,мұғалімі Абильдина Салтанат Сарсенбавнамен,
7- сынып оқушысы Бекбулатова Азира Байжанова Айымжан Сайдығалиқызымен,
8- сынып оқушысы Мейрам Аққу, Нурумова Динара Бекжігітовнамен
9- сынып оқушысы Манарбекова Құндыз, Ибадульдина Айдын Егінбайқызымен
ортаға шақырамыз.
Шеберлікті, білімді
сараптап сіздер көріңіздер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысты
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>