Кім мяу деп айтты

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Білім беру саласы: "Коммуникация"
Бөлімі: "Драма"
Тақырыбы: Сахналау. В. Сутеев "Кім мяу деп айтты!"
Мақсаты: Шығармаларды сахналау дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері: БМ: Балаларды шығарманы мұқият тыңдауды, мағынасын түсінуді, тәрбиешінің сұрақтарының көмегімен мазмұнын айтуды, ертегінің үзіндісін ойнап көрсетуді үйрету. Өз қимылдарын серіктестің қимылдарымен үйлестіруді үйрету. ДМ: Есте сақтау қабілеттерін, байланысты тілдерін дамыту. ТМ: Театрға деген қызығушылықтарын тәрбиелеу. Қолданатын құрал - жабдық:күшік пен мысықтың суреті,ертегі кейіпкерлерінің бетперделері. Сөздік жұмыс: бақылдауық. Көптілділік компонент: күшік- щенок-dog, мысық-кот-cat.
Қызметтің кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық

-Балалар сендердің үйлерің-де мысық пен күшік бар ма?
-Сендер мысық пен күшік-теріңе не бересіңдер, олар қандай тамақ жейді?
-Ал сендердің күшіктерің қандай дыбыс шығарады?
-Ал мысықтарың қандай дыбыс шығарады?

Үйінде бар балалар айтады.
-Мен мысығыма сүт беремін. Ал күшігім етті жақсы көреді. Менің күшігім "әуп-әуп" деп үреді.
-Мен өзімнің мысығымның дауысын саламын. Ол "мияу-мияу" деп дыбыстайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Демонстрациялық құралмен жұмыс
Тақтаға күшік пен мысық-тың суреті ілінеді.
-Балалар, сендер ненің суретін көріп тұрсыңдар?
Бүгін сендермен В. Сутеев-тің "Кім мяу деп айтты!"
ертегісімен танысамыз.
Тәрбиеші ертегіні оқып бе-реді.
Ертегі мазмұны бойынша сұрақтар қояды.
Сергіту сәті:
Керіледі мысық,
Көзін жаймен қысып,
Жүгіреді күшік,
Аула ішін кезіп.
Көптілділік компонент: күшік- щенок-dog, мысық-кот-cat

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: