Пәні: информатика
Күні: 19. 02. 2016
Класы: 6 "В"
Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелерді құру
Сабақтың мақсаты: Ms Word бағдарламасында жасалынған құжатқа кесте қоюды, кестелерге деректер енгізуді, кестені өңдеуді үйрету.
Білімділік: Оқушыларды "кесте", "ұяшық", "баған", "жол" ұғымдарымен таныстыру. Кесте бойынша жылжыту, кестемен жұмыс жасау туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Ms Word бағдарламасында жұмыс жасау кезіндегі іскерлігі мен эстетикалық талғамын арттыру.
Тәрбиелілік: Ұқыптылыққа, компьютермен жұмыс кезінде техника қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, репродуктивті
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, электронды тест
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткенді қайталау кезеңі
3. Жаңа сабақ
4. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
5. Сергіту сәті
6. Сабақты бекіту
7. Қорытындылау, бағалау
8. Үйге тапсырма беру
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, жоқ оқушыларды белгілеу.
Информатика сабағына зейінін аудару (Қатесін тап)
Әңгіме. Мен компьютермен жұмыс жасау үшін міндетті түрде монитор мен сканер қосамын, әріптерді тышқанның көмегімен теремін, ал егер сурет салу керек болса сканерді қолданамын. Мәтінді қағазға басып шығару үшін қағазды жүйелік блокқа саламын. Әуенді принтердің көмегімен тыңдаймын, ал құжатты видеокартада сақтаймын, кейде оны колонка деп атайды. Және де мен компьютермен сурет салғанды ұнатамын. Меніңше, сурет салуға қолайлы программа, яғни графикалық редактор - WORD.
8 қате
Міндетті түрде монитор мен жүйелік блокты қосу керек
Әріпті пернетақта көмегімен тереді
Сурет салу үшін сканерді қолданбаймыз, сканерді қаға
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>