Кесінділердің ұзындықтарының қосындысы мен айырмасы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Ақмола облысы,
Целиноград ауданы
41 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Оспанова Рахат Мардашевна

Сабақ үлгілері
Саяхат сабақ
Математика 1- сынып

Сабақтың тақырыбы: Кесінділердің ұзындықтарының қосындысы мен айырмасы.
Сабақтың мақсаты:
-керуенмен саяхатқа шығу арқылы оқушылардың меңгерген білім дәрежесін тексеру;
-ауызша, жазбаша қосуға, азайтуға берілген мысалдарды жылдам есептеуге дағдыландыру;
-тақпақтар, мақалдар айту арқылы таным белсенділігін арттыру.
-оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге үйрету.

Тәрбиелік мәні:
1. Халықтық педагогиканы негізге ала отырып,оқушыларға ата-бабаларымыздың айтып кеткен нақыл сөздеріне адамгершілікке, азаматтылыққа тәрбиелеу;
2. Қазақ халқының салт - дәстүрлерін оқушылардың бойына сіңіру;
3. Оқушыларды ұқыптылыққа , саналылыққа ,жинақылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: керуенмен саяхатқа шығу арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін,салыстыру мен таным белсенділігін арттыру;
Сабақтың түрі : саяхат сабақ
Қолданылған көрнекіліктер: керуен, үш киіз үй суреттері, нақыл сөздер, музыка, тақпақтар.
Әдістер: көрнекі құралдармен жұмыс, өз бетінше жұмыс, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. (оқушылардың көңіл күйін бақылау).
2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
-Балалар, біз бүгін сендермен керуенмен саяхатқа шығамыз. Қазіргі уақытта автобуспен, поезбен, машинамен саяхатқа шығатын болсақ біздің ата-бабаларымыз бұрын түйемен арбаға ат жегіп бір ауылдан екінші ауылға той-думанға барып саяхат құрған. Бүгін біз де ата-бабаларымыздың дәстүрін, салттарын жалғастыратын ұрпақ болғандықтан керуенмен саяхатқа шығамыз. Керуен Абай, Ыбырай, Жамбыл аталарыңның ауылдарына тоқта

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: