лы өсек-әңгіме таратты ма? Жұрттың бәрін жақсы адам деп ойлағаныңызбен, олардың көбі сіз ойлағандай болмай шықты ма? Өмір болған соң, бәріміз біреуге ренжиміз, біреуге өкпе артамыз. Бірақ, осындай кезде бізге бір нәрсе жетіспей жатады - кешіре білу.
Мұндайда жаныңыздың күйзеліске түсуі табиғи әрі қалыпты жағдай болғанымен, кейде сол күйден арылуымызға ұзақ уақытымызды жұмсап, өткенге қайта-қайта оралып, ренішті босатуға деген құлшынымыз болмай жатады. Үнемі еңсеңіз түсіп жүрген соң, сіздің айналаңыздағы адамдармен өзара қарым-қатынасыңыз бұзылып, үйде, сабақта, жұмыста бәрі күрт нашарлап кетеді. Мына әлемнің сұлулығын сезіне алмай, қайғырып, зіл қара тасты иығымызға салып алғандай болып, тұйық бір әлемге еніп кетіп жатамыз. Ол ауырлықтан құтылып, тек алға жылжып, бақытқа жету үшін кешіруді үйренгеніңіз жөн.
Кешірім өміріңізді өзгертуі мүмкін! Кешіре білу өткеніңізді өшіріп тастау, болған нәрсенің бәрін ұмыту деген сөз емес. Кешіру - өкпені, иықтағы ауырлықты бостандыққа жіберіп, өмір өзенімен әрі қарай жылжу. Бұл оңай емес, дегенмен, үйренуге болады.
Болған оқиғаны жайына қалдыруға тырысыңыз. Бәлкім, бұл бірден қолыңыздан келе қоймас, бірақ, уақыт өте келе, бұны да үйреніп аларсыз. Ең алдымен, шын мәнінде неге өкпелі екеніңізді анықтап алыңыз. Шындықтың бетіне тура қараңыз!
Жағдайды жақсылап таразылаңыз. Бір парақ қағаз алып, төмендегі сұрақтарға жауап жазып шығыңыз:
- Шын мәнінеде неге өкпелісіз?
- Қандай сезімдесіз? (ашу, өкпе, жиіркеніш, ыза, кек)
- Сіз ол адам туралы қаншалықты жиі ойлайсыз?
- Сіз ол адамнан не күттіңіз?
- Сіздің ренішіңіз қандай мәселелерді туғызады?
- Өзгемен қарым-қатынасыңызға, үйде, жұмыста бұл кері әсер ете ме?
- Өзіңізді осы үшін бақытсыз сезін
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>