деп ойлаймын және осы пікірді "Басқа адамның кемшілігін, қателігін кешіру және өз қатесін түсініп, мойындап кешірім сұрау адам бойындағы жақсы қасиет " деп қорытындылағым келеді.
2. Қорытынды бөлім
Бүгінгі тақырыбымызды қорытындылайтын уақыт та жеткен сияқты. Мен тақырыпты сурет арқылы бастаған болатынмын. Енді сөз соңында да сурет арқылы қорытындылайық. Мына суреттен қандай қорытынды шығаруға болады? (оқушылар жауабы)
-Бақытты болу үшін бар кінәдан арылу қажет;
- Өмірде біреуді ренжіттім-ау деп қынжыла бергенше, барып кешірім сұраған дұрыс. Себебі өмір бойы кінәңді ауыр жүк сияқты көтеріп жүресің т. б.
Мұғалім қорытындылайды:
Өмірде кез-келген адамға үлкенге де, кішіге де кешірім сүрауға тура келіп жатады. "Кешірім сұрай білу - кісілік", - дейді заманымыздың заңғар жазушысы Ш. Айтматов. "Кешірім сұрап келсе, әкеңнің құны болса да кеш", -- дейді халық мақалы. Осы сездердің астарында -қарапайымдылық, ұлылық жатыр емес пе?
Әкенің ұлынан, шешенің қызынан, әкімнің халқынан, үлкеннің кішіден, кішінің үлкеннен, жігітгің қыздан, кешірім сұраудың өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ олардың ортақ бір жайы -- кешірім сұрай білуі, яғни қарапайым, мәдениетті бола білуі. "Кешірім сұрау -- бақыттың баспалдағы" -- деген Мұхтар Шахановтың сөзі жоғарыдағы ойлардың жалғасы іспеттес.
Кешірім сүрағанға кешірім ете білу, кешірім беру -- бұл да кісілік, қарапайымдылықтың белгісі. Кешірім етудің де өзіндік реті, жағдайы болады.
Кешірімді болсаң - кең боласың. Келісімге келу -- кеңдік. Кең болсаң - кем болмайсың. Келісім көкжиекке көтереді. Кешірім беру - өзгеге күлкі сыйлау. Күннің көзінде де кешірімділік бар. Өнегелі адам кішіпейіл келеді. Кешірімділікті құдай да сыйлайды.
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 > >>