Кемел елдің кеменгер қайраткерлері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Кемел елдің-кемеңгер қаламгерлері
"Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жалғыз жаңқам мен сенікі,
Пайдалан шаруаңа жараса, Алаш!"
Міржақып Дулатов
"Қазақ" газетінің 1917 жылы шілде айында жарық көрген "Сана қайда?" деген мақалада мынадай сөздер бар:
"Қазақ деген халық едік. Еділ, Жайық, Есіл, Нұра, Ертіс, Орал, Алатау, Алтай мекенің еді. Осылардай жұмаққа теңдес жерлерің бар еді. Хауыз кәусар көлдерің бар еді. Ту ұстап, тұлпар мінген ерлерің бар еді. Дұшпан күндерлік күйлерің бар еді. Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітірген билерің бар еді. Ел бастайтын көсемің бар еді, сөз бастайтын шешенің бар еді, ақ киізге көтерген хандарың бар еді, ізгі қарияшалдарың бар еді, сауық-сайран жиының бар еді, бақ-береке ұйымың бар еді, кедейің жоқ, бай едің, төрт түлікке сай едің, сол күндерде арманың бар ма еді?!Жоқ секілді еді. " Осы мақаланың авторларының бірі - Алаш туын көтеріп, ел үшін еңіреп туған, намыс жолын қуған,Сарыарқа сайран жері мен айдын-шалқар көлдері үшін, бетегелі белдері үшін, қазақ елі мен ана тілі үшін басын бәйгіге тігіп, жанын қиюға да дайын тұрған қазақ азаматтарының ең алды болған кемеңгер қаламгер-Ахмет Байтұрсынұлы.
Кешегі өткен ата-бабаларымыздың "ат жақсысы кермеде, ер жақсысы түрмеде" деген аталы сөзі рас. Қандай заман болса да, ел басына күнтуғанда етігімен су кешкен ерлердің болуы занды. Ал өз мақсаты үшін соларды азаптап, адамшылығын аяққа басатындар да жеткілікті.
Ахмет Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу,

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: