қозғалысы қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына қарай тергеу үшін Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ "үштігінің" 1930 ж. 4 сәуірдегі шешіміне сәйкес Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді. Бұл шешім бірнеше рет өзгерістерге ұшырады: 1931 жылы қаңтарда 10 жылға концлагерьге ауыстырылса, 1932 ж. қарашада 3 жылға Архангельскіге жер аударылсын деп ұйғарылды.
Ақаңды қазақ халқының көсемі, ұлтымыздың ұлы ұстазы деп танитын болсақ, "Қазақ" газеті де ұлттың ұйтқысы болғаны тайға таңба басқандай анық. Ендеше оның ұлттық баспасөз тарихындағы атқарған рөлі де, алатын орны да ерекше.
Страницы: << < 2 | 3 | 4